Қызылордада 1 миллион 250 мың теңге жымқырған алаяқ ұсталды

439

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық полиция басқармасына 1988 жылы туған қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, белгісіз азаматша қала аумағында қол жетімді тұрғын үй алуға жәрдемдесемін деп, алаяқтық жолымен  1 250 000 теңге көлемінде ақшасын иеленген.

Басқарманың жедел іздестіру жұмыстарының және кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<