Қызылордада дәрі-дәрмек өндірісі құрылады

667

0

Ресейлік инвесторлар Қызылордада дәрілік зат өндірісін құруға құлықты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Нұрасылова мәлімдеді.

Құны 1,6 млрд теңге болатын жоба аясында антибиотик, таблетка түріндегі дәрі-дәрмек шығару көзделіп отыр. Одан басқа, чех компаниясы сусын, қытайлық инвесторлар күріш сабанынан целлюлоза өндірудің қамын жасауда. Шыны зауыты бойынша 3 жобаны жүзеге асыруға 16 млрд теңге бағытталған.

– Халықты жұмыспен қамтудың жол картасына сәйкес 276 инфрақұрылымдық жоба аясында 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Облыстың 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары 265 жобаны қамтиды, – деді А.Нұрасылова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<