Қызылордалықтар қарды тазартуға жұмыла кірісті

295

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қаламыздағы жаппай қар шығару сенбілігіне барлық коммуналдық және жол-көлік мекемелерінің, құрылыс компанияларының арнайы техникалары мен қызметкерлері жұмылдырылды.

Қардан тазалау жұмыстарына мектеп, балабақша, денсаулық мекемелері, кәсіпкерлер және басқа да ұйымдар мен белсенді тұрғындар үлес қосты.

Нәтижесінде көшелерден бөлек, аялдамалар, парк-скверлер мен кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандардың аумақтары, жаяу жүргіншілер жолдары, халық көп жүретін аумақтар тазартылып, 1300 текше метрге жуық қар шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<