Серпінді даму жолында

586

0

Қоғам қайраткері, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов KUN.KZ ашық медиа-платформасының «Серпіліс» сараптамалық форумында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен сұхбаттасты.

Сұхбат барысында өңір үшін өте өзекті мәселелер талқыланып, облыстың алдағы әлеуметтік, экономикалық даму бағыттары айтылды. Ең алдымен, ел тарихындағы әйелдер ара­сында тұңғыш облыс әкімі ретінде Гүлшара Әбдіқалықова әйел саясаткерлердің бірнеше ерекшелігіне тоқталды. Әйел саясаткерлердің жұмыс барысында тиянақты болатыны, мәселені жүрегінен өткізіп, асқан жауапкершілікпен жүзеге асыратыны белгілі. Осы ретте еліміздің өткені мен әлем тарихын саралай отырып, бұл пікірдің шынайылығын бағамдаймыз.

Аймақ тұрғындарының денсаулығы басты назарда екені ерекше атап өтіліп, корнавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстарының тыңғылықты екені айтылды. Халықты әлеуметтік қорғау, көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, жұмыссыздықты төмендету, елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған облыстың экономикалық даму жоспарының әзірленуі Сыр елінің күрделі уақытты еңсеріп, өркендей түсетінін көрсетеді.

Ернар МҮБАРАК,

«Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<