Түнгі рейд тоқтамайды

224

0

Фото: Қазалы ауданының әкімлігі

Жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд жұмыстары жалғасын тапты.

Арнайы топ Әйтеке би кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, ойын-сауық орталықтарына барып, кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов бастаған топтың құрамында аудандық білім бөлімі мамандары, мектеп директорлары, полиция бөлімі мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері болды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<