Үздіктер анықталды

763

0

Құрылыстың тілін білетіндер аз. Әсіресе, жастар арасында. Аға буын да мұны жоққа шығармайды. Алайда, маңызды мамандыққа қызығушылық төмен деуге келмейді. Зәулім ғимараттар салып, қала келбетін арттыруда қолтаңба қалдырғысы келетіндер көп. Осы жастарды ынталандыру мақсатында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» тас қалаушылар сайысын өткізді.

Қаладағы құрылыс және бизнес колледжінде ұйымдастырылған жарыста шапшаң, икемді жастар суырылып шықты. Үздіктер мақтауға лайық, олар Алғыс хаттармен және ерекше еңбегі үшін бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас демеуші, үнемі жастарға қолдау көрсетуге даяр кәсіпкер – Асхат Шаукенбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<