ҰҚК ардагерлері Елордада

406

0

Ұлттық қауіпсіздік орган ардагерлері елорда төрінде басқосты. Ардагерлер жас қызметкерлерді патриотизмге баулу, отаншылдық пен ұлт мүддесін қорғауға байланысты тағылымды әңгіме өрбітті. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, пікір алмасты.

Сондай-ақ, еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін, жалпы білім беру деңгейін жетілдіруді, зейнеткерлердің денсаулығын және әл-ауқатын жақсартуды ардагерлер толық қолдады. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кенжеболат Бекназаровтың жетекшілігімен жиын мазмұнды өтті.

Шара аясында А.Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл қойып, «EXPO-17», жаңа мешіт, «Алжир» музейі секілді орындарды тамашалады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<