Зейнеткер қызылордалық полицейлерге алғысын білдірді

507

0

Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылының тұрғыны зейнеткер Әтіркүл Тасхожаева әлеуметтік желі арқылы аудандық полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Өткен жылдың тамыз айында танысы «Түркістан қаласына келіні мен немересін оқуға түсіріп беремін» деп алдап 620 000 теңге ақшасын алғаны жөнінде зейнеткер 2020 жылдың қазан айында полицияға арызданған.

      Аудандық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша анықталып, ұсталды. Ол Түркістан облысының Кентау қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

Келтірілген шығын зейнеткерге толығымен қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<