Жаңа туған сәби мен анасын жүк көлігімен шығарып алғандар жұртты таңғалдырды (видео)

3693

0

Әлеуметтік желіде жаңа босанған ана мен сәбиі перзентханадан ерекше күтіп алған сәттің видеосы тарады. Тізіле орналасқан бірнеше автоцистерна мен лимузинді көрген көпшілік видеоны қызу талқылап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында пайда болды. «Ұжымы тату екен», – деп жазылған парақшада видео астына. Видео авторы перзентхана алдында тізіліп тұрған бірнеше автоцистернаны түсіріп алған. Видеодан айнасына шар байланған автоцистерналардың қатарласа орналасқанын көруге болады. Сонымен қатар олардың алдында тұрған «Қазақ еліне +1 ару» жазуы бар лимузин көлігін байқауға болады. Перзентханадан күтіп алу сәті.

«Перзентханадан шығарып алғаннын түр-түрін көрдім. Бірақ мынау бөлек. Қараңыздар», – деді видео авторы.

Ал желі қолданушылары жаңа босанған ана мен нәрестесін перзентханадан бұлай күтіп алғандарға таңғалғанын жасырмай, жарыса пікір жазды. «Керемет», «Әкесі ұжымға сыйлы адам болып тұр ғой», «Бауы берік болсын», «Мүмкін аңсап күткен сәбиі шығар», «Қыз баласы дүниеге келіпті», «Жұғысты болсын», – деп жазды желідегілер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<