Жаңа жылдық шырша – 2024: Балаларға қуаныш сыйлады

358

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті.

Мерекелік шараға 100- ге жуық балғындар қатысты. Балалардың қуанышымен аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы бөлісіп, бүлдіршіндерді Мемлекет басшысы мен аймақ басшысының атынан мерейлі мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

«Бүгінгі Жаңа жылдық шырша жанында сіздермен қауышқаныма шексіз қуаныштымын! Өтіп бара жатқан жылда барлығыңыз тағылымға толы білім алып, спорттық жарыстарда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, түрлі конкурстарда жеңімпаз атандыңыздар. Сіздердің әрбіріңіздің бұдан да биік шыңдарға құлаш сермеп, биік белестерді бағындыратындарыңызға бек сенемін. Қымбатты балақайлар! Жаңа жылда да барлық ниет-тілектеріңіз бен арман-мақсаттарыңыз орындалсын. Сіздерге алаңсыз бақытты балалық шақ сыйлау үшін біз аянбаймыз!»-деді аудан басшысы өз сөзінде.

Салтанатты шарада Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Шаттыққа толы шарада аудан әкімі атынан балаларға мерекелік сыйлықтар тарту етілсе, жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетіп, балауса балғындарды тамаша мерекелік күйге бөледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<