Жастар күні жоғары деңгейде тойланды

424

0

Бүгін аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тереңөзек кентіндегі орталық алаңда «Жастар күні – жастарға жарқын жол» атты гала-концерт өтті.

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев қатысып, ауданның жалынды жастарын мерекемен құттықтады.

Сырдариялық жастар барлық бастамалардың басында жүр. Қай салада болмасын олар белсенді. Жастарымыз мемлекеттік қызмет, білім, мәдениет, спорт және басқа салаларда жетістіктерге жетуде. Сонымен қатар, аудан жастары еріктілік үлгісін көрсетіп келеді. Олар ұйымшылдықпен тұрғындарға көмек көрсету іс-шараларына үнемі атсалысады және қайырымдылық жасаудың алдыңғы шебінде жүреді. Сырдариялық жастар әркез үздіктер қатарында келеді.

Мерекелік іс-шарада белсенді жастар аудан әкімінің Алғысымен марапатталып, «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» патриоттық акциясын ұйымдастырды. Халықаралық жастар күніне орай «Қазақстан дауысы» мегажобасының жеңімпазы, аймағымыздың мақтанышы Құралай Мейрамбек және ауданның көркемөнерпаздары әуелете ән шырқады.

Жастардың гала-концерті мерекелік отшашумен қорытындыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<