Жемқорлықты ел болып жұмылғанда жеңеміз

528

0

Еліміз бүгінгі таңда экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мұндай жауапты сәтте сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын-алу және оны ескерту жұмыстарын ұйымдастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Болашақта біздің ұрпағымыз қандай мемлекетте өмір сүретіні әрбір азаматты ойландыратыны анық. Олар болашақта Қазақстанды гүлденген және ілгері жылжыған мемлекет ретінде көргісі келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес көп болып жұмылғанда ғана нәтижелі болмақ. Жұмысыңды жедел, тиімді шешу үшін таныстарды жағалап, пара ұсынатындар бар кезде кеселге тосқауыл қоямыз деу мүмкін емес. Өйткені, сыбайластыққа тек «алушы ғана емес «беруші» де жауапты. Сыбайластықтың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесіледі. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, жемқорлықты көбейтіп отырған негізінен шарасыздық пен сауатсыздық. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауат жетіспейді.

Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ ғана тоқтатуға болады. Заңбұзушылықтар орын ала тұра, құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Сондықтан, мемлекеттік орган мен мекеменің лауазымды адамдарының Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі шегінен шыққан әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті органына, прокуратура органдарына немесе сотқа шағым беруге болатынын ауданымыздың әрбір азаматы біліп жүргені дұрыс.

Халқымызда «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Расында құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізетін кездер аз емес. Осыған орай, кеселмен күресті сапымыздағы ала қолдардан арылудан бастағанымыз жөн.

Ә.Қожантаев

Жаңақорған ауданаралық Әділет басқармасының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<