Жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші арақ ішіп ұсталды

859

0

Кеше таңғы уақытта Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды.

Автокөлікті басқарған 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, бұл азамат 25  қыркүйекте  2019 жылы 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді. 

  Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.

     Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<