Аудан әкімі Аққыр ауылындағы спорт кешені құрылысымен танысты

166

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Аққыр ауылдық округінде бой көтерген спорт кешенінің құрылысымен танысып, құрылыс жұмыстары сапалы және белгіленген талаптарға сай орындалуы қажет екенін қатаң ескертті.

Атқарылып жатқан жұмыстардың бүгінгі жай-күйін саралаған аудан әкімі бірқатар кемшіліктерге тоқталып, мердігер мекемеге ескертулер жасады. Сондай-ақ, құрылыс барысы тікелей өзінің бақылауында болатынын айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, 2024 жылы облыс әкімінің қолдауымен және «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен Аққыр ауылында жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында жаңа спорт кешенінің құрылысы басталған болатын.

Құрылыс жұмыстарын «АИРСтройМонтаж» ЖШС жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, құрылыс аяқталу сатысында тұр.

Жалағаш ауданы әкімдігі