Басқарма төрағасымен кездесті

236

0

Фото: облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Басқосуда ұлттық компанияның демеушілігімен 3 млрд 800 млн теңгеге салынатын жаңа «Достық үйінің» құрылысы талқыланды.

– Биыл – этносаралық түсіністіктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Осы мерейлі жылда жаңадан салынатын «Достық үйі» – өңір халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этно­мәдени бірлестіктерге арналған, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат болады. Сізге және ком­пания ұжымына Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді облыс әкімі.

Кездесуде Мейіржан Юсупов екіжақты әріптестіктің алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдіріп, жоспарларын бөлісті.

Айта кетейік, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қажетті жабдықтарды сатып алу жүйесіне жыл сайын шамамен 3 мыңға жуық кәсіпкер қатысады. Соның ішінде қызылордалықтар үлесі – 7%, яғни шамамен 200 кәсіпкер. Облыста 65 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді, оның 4500-ге жуығының жұмысы өндіріске бағытталған.