Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі – 2025» қалалық кезеңі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін арттыру, озық тәжірибелерін тарату және заманауи білім беру талаптарына сай әдістемелік жұмысты жетілдіру.
Сайыстың нәтижесімен №136 мектеп-лицейдің мұғалімі Жалмаганбетова Гүлназ, №257 орта мектебінің мұғалімі Баймұратова Гүлмира, №145 орта мектебінің мұғалімі Тлеуова Жадыра, №253 орта мектебінің мұғалімі Айдарбекова Айнұр алғыс хатпен марапатталды.
ІІІ орынға Абай ДБА мұғалімі Оспанова Айгүл, №9 мектеп-гимназия Алтынбекова Гүлзат№4 ІТ мектеп-лицейдің мұғалімі Іскендірқызы Айнұр лайық деп танылды.
ІІ орынды №39 мектептің мұғалімі Амантаева Мөлдір, №264 мектеп-лицейдің мұғалімі Козбагарова Эльмира иеленді.
Ал, С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ешмұрат Ақмарал Әбсаламқызы жүлделі І орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды.