Жеңісті Бранденбургте қарсы алған

219

0

Әкем Тыныштықбай Шабанов 1942 жылы тамыз айында Кеңес армиясы қатарына шақырылған Ашхабад қала­сындағы №7 оқу-жаттығу полкінде курсант, 1944-1945 жылдары Орта Азия әскери округінде кіші лейтенант, 1945-1946 жылдары 280-Сохачевский полкінің пулемет взводында командир болып Германияның Бранденбург қаласында соғысты аяқтаған.

Соғыстан кейін Қызылорда облыс­тық ішкі істер басқармасының әртүрлі саласында еңбек етіп, тергеу бөлімінде басшылық қызмет атқарды.

1958-1963 жылдары Ташкенттегі Ленин атындағы мемлекеттік универ­си­теттің сырттай бөлімінде «Заң» фа­культетінде оқыған. Қызылорда об­лыстық прокуратурасына қызметке қабылданып, прокурор-криминалист қыз­метіне тағайындалған. Шиелі ау­дандық прокуратурасында тергеуші, облыстық прокуратурада тергеу бө­лімінде жұмыс жасаған.

Анам Зейнегүл Құрманқызы екеуі 9 перзент тәрбиелеп өсірді.
Әкем «Әскери еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін», II дәрежелі «Іш­кі істер министрлігіндегі мінсіз және ұзақ мерзімді қызметі үшін», «Қо­ғамдық тәртіпті қорғаудағы үздік қызметі үшін» медальдарымен мара­пат­талған.

Күлжахан БАЙХАДАМОВА