Ақсуат ауылдық округінде 343 адам дауыс беріп үлгерген

747

0

№227 сайлау учаскесі Ақсуат ауылдық округі, Ж.Маханбетов ауылындағы №143 орта мектепте орналасқан. Бұл учаскеге 2864 сайлаушы тіркелген. Мектеп ауласында ыстық бауырсақ пісіріліп, киіз үй тігілген. Келушілер дәм ауыз тиіп, бір-біріне Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жылы лебіздер білдіріп жатты.

Сағат 10:20-дағы мәлімет бойынша 343 адам дауыс беруге келген. Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Әбуов ең бірінші бюллетенді салып, сыйлық иеленген. Үйден дауыс беруге өтініш білдірген 23 адам бар. Аталған учаскенің хатшысы Талғат Әбіртаевтің айтуынша, бұл сан сағат түскі 12-ге дейін тағы толықтырылуы мүмкін. Осы уақыттан кейін үй аралауға комиссия мүшесінен 2 адам, егер байқаушылардан тілек білдірушілер болса олардан да барады. Алғаш дауыс беруге келген 18 жастағы Гүлім Қаппар есімді бойжеткен таңертең 7:15 те өз таңдауын жасаған. Ең жас сайлаушыға арнайы сыйлық табысталыпты. Ал 87 жастағы ақсақал Қыпшақ Рүстембеков учаскенің ең қарт дауыс берушісі екен. Ақ батасын берген бұл кісіге де сый-сияпат көрсетілген.

Сайлау учаскесіне бақылау жасауға – 10, сенім білдіруші – 8 адам тіркеліпті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<