Бүгін педагогтар үшін Ұлттық біліктілік тестілеу басталды

1429

2

14-29 қыркүйек аралығында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін Ұлттық біліктілік тестілеуі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап, яғни 14 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін Ұлттық біліктілік тестілеу басталды.

Одан кейін Ұлттық біліктілік тестілеу мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері және білім беру ұйымдарының басшылары үшін өтетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<