Дәстүрлі халықаралық ғылыми конференция өтті

2354

0

Қызылорда «Болашақ» университеті «Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары» дәстүрлі Халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Оның жұмысын чехиялық «Sociosféra-CZ» Ғылыми-баспа орталығы, Саяси зерттеулер қауымдастығының Қызылорда облыстық филиалы және Краснодардағы әскери байланыс академиясының филиалы бірлесе ұйымдастырды. Бүгін аталмыш халықаралық конференцияның жинағы Прага қаласында жарық көрді.

Бұл жолы конференция жұмысына Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының ғалымдары мен магистранттары, орта мектептің ұстаздары қатысты. Баяндамалар тақырыптары ауқымы өте кең. Мәселен, сынып жетекшісінің оқушылармен өзара әрекеттерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері талданған зерттеуде білім берудің транзакциялық тәсілінің мәніне назар аударылады. Кезекті бір зерттеуде бакалавриат бойынша оқыту кәсіби ортадағы құзіреттілікті қалыптастырудағы оңтайлы шарт екені дәйектеледі. Жоғары оқу орны түлегінің құзыреттілік моделін іске асыру аясындағы білім беру бағдарламаларын жаңғырту мәселесі де қызықты тақырып болды.

Осы жылғы жинаққа 11 баяндама жарияланды. «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты келесі жылдың қазанында аталмыш конференцияны тоғызыншы рет өткізуді жоспарлап отыр.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

Дәстүрлі халықаралық ғылыми конференция өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<