Ғалымдарды қолдау кезек күттірмейтін мәселе

1124

0

Фото: ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізді.

Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды. Отандық ғылымды дамытуға қатысты бірнеше өзекті мәселелерді атап өтті. Техногендік, табиғи, энергетикалық, эпидемиологиялық апаттар, климаттық өзгерістер, қуаңшылық секілді келеңсіз жағдайларды болжау және олардың алдын алу, жасанды интеллектіні дамыту үшін тиісті сала ғалымдарына артылар жүк аз емес.

Кеңеске қатысушы ғалымдардың шет елдерге кеткен интеллектуалды, ғылыми әлеуетті елімізге қайтару жөніндегі ұсынысы өте орынды. Шындығында, шет елдерде қызмет етіп жүрген ғалымдарымыздың балабақшадан бастап, орта мектепте, жоғары оқу орнында білім алуына, тұлға болып қалыптасуына еліміздің қаншама қаржысы жұмсалды, қаншама еңбек жасалып, тер төгілді. Бірақ олар әртүрлі себептерге байланысты шет елге кетуге мәжбүр.

Нәтижесінде, «дайын асқа тік қасық» дегендей, олардың бар әлеуетін, еңбегін басқа мемлекеттер өздерінің дамуына пайдалануда. Сондықтан, басқа мемлекеттердегі ғалымдарымызды елге қайтару, оларға барынша жағдай жасау қажет.

Досжанов Баянәлі Амантайұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<