IELTS емтиханының құрылымы

585

0

Емтиханның екі түрі бар: Academic (Академиялық модуль) және General (Жалпы модуль). Шетелге көшуді жоспарласаңыз, General IELTS емтиханын тапсырғаныңыз туралы сертификат керек болса, шетелде оқу үшін Academic IELTS емтиханын тапсыруыңыз міндетті. Емтихан қалай өтеді?

Тест төрт секциядан тұрады. IELTS емтиханы ережеге сай күндіз өтеді. Емтиханға бір сағат ерте келу міндеттеледі. Өйткені, тіркелу жұмысы жүргізіледі. Өзіңізбен бірге паспортыңызды алуды ұмытпаңыз. Кейін сізді емтихан өтетін аудиторияға апарады. Партада сіздің аты-жөніңіз жазылған карточка болады. Партада бір адамнан отырады. Емтихан басталмас бұрын ережелермен таныстырып, тапсырмаларды орындау жолын айтады.

Listening

Емтихан қабылдаушы ұйымдастыруға байланысты сұрақтарға жауап бергеннен кейін, тыңдалым басталады. Сұрақтар мен жауап парағы таратылып, жарты сағат бойына тыңдалыммен жұмыс жасайсыз. Әр мәтіннен соң жауапты тексеруге сізге 30 секунд беріледі. Демек, жауапты тыңдалым барысында жазуға тиістісіз. Барлық мәтін дыбысталған соң, арнайы жауап парағын толтыруға 10 минут беріледі.

Reading

Тыңдалымнан соң, оқылымға көшесіз. Бір сағаттың ішінде 3-5 оқылым (Academic әлде General тест тапсырмаларына байланысты) тапсырмасына жауап бересіз. Мүмкін болады-ау деген жауаптарға мән бергеніңіз жөн. Асықпаңыз, сізден не сұрап отырғанын ұғып алыңыз.

Writing

Сізге 2 жазылым тапсырмасын орындау беріледі: эссе жазу және берілген суретті сипаттау. Әрқайсысына 30 минут беріледі. Көптеген адамдар жазылымды бірінші қосымша параққа түсіргендіктен үлгермей қалады. Бірақ, таза жауап парағына жазғанда да сіз мәтіннің құрылымы мен қорытынды ойды дәл әрі нақты көрсете білуіңіз керек. Speaking

Емтихан қабылдаушы адаммен танысып, онымен ортақ тақырыптарға әңгіме айтасыз. Кейін сізге белгілі бір карточкаға сәйкес жеке тақырып ұсынады. Еш қиындығы жоқ, бастысы – тоқтамай сөйлеу және өзіңізге сенімді болу.

Бағалау жүйесі: IELTS 0.0-ден 9.0 -ге дейін баллдық жүйе бойынша бағаланады: сіздің нәтижеңіз Listening, Reading, Writing, Speaking секілді төрт дағдыны бағалау бойынша және орта балл арқылы есептеледі.

Массагет.кз сайтынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<