НЗМ: конкурстық іріктеу қашан, қалай өтеді?

1856

1

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2020 жылдың 20-21 маусымында өтеді, – деп хабарлады мектептің баспасөз қызметінен.

Коронавирусты инфекцияның (COVID-19) алдын алу бойынша санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуіне байланысты конкурстық іріктеуден өту кезінде келесі ережелерді сақтау міндетті:

1. Мектеп аумағына маска киген үміткерлер ғана жіберіледі! (ауыстыру үшін қосымша маска болу керек).

2. Дене қызуы жоғары (38 және одан жоғары) екені анықталған үміткерлер термометрия нәтижесі бойынша тестілеу үшін мектеп ғимаратына жіберілмейді.

3. Үміткер мектеп аумағында және ғимаратында жүргенде, сондай-ақ тестілеуге тіркелу кезінде:

– басқа үміткерлермен 1 метрден кем емес қашықтықты сақтауы және едендік белгілер бойынша қозғалуы;

– мектеп ғимаратына кіреберісте аяқ киім табанын дезинфекциялау кілемшесінде дезинфекциялау құралымен зарарсыздандыру;

– қолды антисептикпен өңдеу ;

– байланыссыз термометриядан өту;

– тұлғаны сәйкестендіру рәсімі үшін масканы шешу, үміткердің тұлғасы сәйкестендірілгеннен кейін жаңа маска киіп, қолды антисептикпен қайта өңдеу;

– бір рет пайдаланылған медициналық маскаларды қақпағы жабық жәшіктерге лақтыру керек.

Өзімен бірге келесі заттар болуы керек:

1. Медициналық маска.

2. Рұқсат қағазы.

3. Қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес).

4. Заттаңбасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.

Тыйым салынған заттар:

1. Ұялы телефон.


2. Фото/бейнеқұрылғы.

3. Қарындаш, өшіргіш.


4. Маркер.


5. Калькулятор.


7. Кітап.


8. Сөздік.


9. Сызғыш.


10. Сөмке.


11. Блокнот.


12. Сызба.


13. Циркуль.


14. Тамақ және сусын (судан басқа).


15. Жазу құрылғысы.


16. Басқа электронды құрылғылар (смарт-сағат, тағы басқа).

«Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріледі. Табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады», – делінген хабарламада.

Тестілеуді өткізу күні мен уақыты (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша)

20 маусым


I КЕЗЕҢ (таңертең)


– тіркеу: 08.00-09.30


– нұсқаулық: 09.40-10.00


– тестілеудің басталуы: 10.00


– тестілеудің аяқталуы: 11.30

II КЕЗЕҢ

(түстен кейін)


– тіркеу: 13.00 – 14.30

– нұсқаулық: 14.40 – 15.00


– тестілеудің басталуы: 15.00


– тестілеудің аяқталуы: 16.30

21 маусым


I КЕЗЕҢ

(таңертең)
– тіркеу: 08.00-09.30


– нұсқаулық: 09.40-10.00


– тестілеудің басталуы: 10.00


– тестілеудің аяқталуы: 12.00

II КЕЗЕҢ

(түстен кейін)
– тіркеу: 13.00 – 14.30


– нұсқаулық: 14.40 – 15.00


– тестілеудің басталуы: 15.00


– тестілеудің аяқталуы: 17.00

Тіркеуге кешіккен үміткер тестілеуге қатысуға жіберілмейді.

Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 14:31-де жабылады, үміткерлерді аталған уақыттан кейін кіргізуге рұқсат берілмейді.

«Құрметті ата-аналар! Үміткерде COVID-19 симптомдары болған жағдайда (құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алу қиындығы, ентігу және тағы басқа), конкурстық іріктеуге қатыспауды, 103 телефон нөмірі арқылы «жедел жәрдем» шақырып, денсаулық сақтау ұйымдарымен хабарласып, өз-өзіңізді оқшаулауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<