Қармақшылық өрендер жеңіске жетті

1342

0

Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде №105 мектеп-лицей 9 «А» сынып оқушылары Алтынай Төлепбергенова мен Гүлмайра Әжібекқызы Қызылорда облысының полиция департаментінің «Есірткісіз өмір ғажайып!» атты облыстық граффити сурет байқауында жеңімпаз атанды.

Байқаудың мақсаты − жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі бизнесінің алдын алу, зиянды дерттен сақтандыру болып табылады.

Жүлдегерлерді қабылдаған мектеп директоры Гүлзира Еркебаева оқушылары мен жетекшілерін құттықтап, дипломдар мен сыйлық табыстады. Балаларды дайындаған жетекшілілері тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбол Қозыбақовпен биология пәнінің мұғалімі Алтынай Баймахановаға облыстық полиция департаментінің алғыс хатын табыс етті.

Гүлбану МАҚАЖАН

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<