Қызылордалық студенттер вице-министрмен кездесті

1058

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтың қабылдауында болды. Кездесу барысында вице-министр Қуаныш Асылханұлы министрліктің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Қабылдауға келген студенттер ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің бастамасымен көтерілген «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында әңгіме өрбітіп, өздерінің қолға алған жобаларын таныстырды.

– Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездестім. Вакцина алған студенттер арасында өткен акция шеңберінде аталған жоо-ның білім алушылары Нұр-Сұлтан қаласына экскурсияға келді. Вакцина алған студенттер мен оқытушылар арасында акция өткізетін жоғары оқу орындарының саны күн санап артып келе жатқаны қуантады,-деді Қуаныш Ералиев.

Сондай-ақ, университеттің дебат орталығының жаңа бастамалары, студенттік өзін-өзі басқарудағы тың идеялар төңірегінде ой бөлісті.

 Еске сала кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер мен оқытушылардың арасында вакцина алуды жеделдету мақсатында арнайы ұтыс ойындары ұйымдастырылған болатын. Нәтижесінде, 30 студент жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда олар Нұр-Сұлтан қаласында саяхаттап жүр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған экскурсия «Бәйтерек» монументінен бастау алды. Одан кейін студенттер «Экспо 2017» көрмесін, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенін, «Тәуелсіздік» монументі мен басқа да мәдени нысандарды аралады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<