Суға түсу маусымы аяқталды

718

0

Су айдындарында шомылу уақыты аяқталды. Жыл басынан бері облыс көлемінде су объектілерінде 28 адам қаза болған. Құтқарушылар 8 адамды құтқарды, оның 1-еуі – бала. Жазатайым оқиғалар Сырдария өзенінде, каналдарда, өзендер мен арықтарда, суға шомылу демалыс орындарында және үрлемелі бассейндерде тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.

– Облыс су айдындарында 4 демалыс орны бар. Тыйым салынған 16, қауіпті деп танылған 47 аумақ анықталғанымен тұрғындар аталған орындарда шомылуын тоқтататын емес. Бұл аумақтарда 325 ескерту тақтайшасы мен 179 билборд орнатылды, – деді облыстық Төтенше жағдай департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Әбдіқадыров.

– Қызылорда облысы аумағындағы суға шомылуға «Тыйым салынған» және «Қауіпті аймақтар» бойынша тұрғындарға тұрақты түрде ескерту жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құтқару бөлімшелерінің құтқарушылары су айдындарында, балық аулайтын орындарда рейд өткізіп, тұрғындарға судағы қауіпсіздікті түсіндіріп, үнпарақтар таратылды, – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Тоғызбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<