500-ден аса медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды – ДСМ

669

0

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова COVID-19 науқастарымен жұмыс кезінде коронавирус жұқтырған 500 медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кешегі мәлімет бойынша, 500 медицина қызметкеріне төлем жасалған. Ал қаншауына төлем беруге бас тартылғанын, өкінішке қарай, қазір айта алмаймын. Бірақ 500-ден астам қызметкер екі миллион теңгеден алды», – деп жауап берді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, барлық әкімге төлемдер бойынша жұмысты жандандыру және өңірлік комиссияларға ұсынылатын құжаттарды кідіріссіз қарау тапсырылған.

Медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде төлем беріледі. Медицина қызметкерінің отбасына COVID-19-дан немесе вирустық пневмониядан қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге төленеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<