Коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы қандай болуы мүмкін?

838

0

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы тұмауға қарсы екпенің құнымен бірдей болуы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрлік өкілдерінен қазақстандықтар үшін коронавирусқа қарсы екпені салғызу қанша тұратынын сұрады.

Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаны 2 миллион қазақстандық тегін салғызуға мүмкіндігі бар. Ал қалғаны екпені сатып алуы керек.

«Ресейлік, франциялық вакциналар бар. Олардың бағасы – 2100-4500 теңге аралығында. Жағдайыңызға қарай екпенің кез келген түрін алуға мүмкіндігіңіз бар», – дейді Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов.

Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Бекенов тұмауға қарсы екпе туралы айтып отырғанын жеткізді.

«Бұл ақпарат тұмауға қарсы вакцинаға қатысты. Ал коронавирусқа қарсы екпе әлі дайын емес, оның бағасы қанша болатыны да белгісіз. Алайда оның бағасы тұмауға қарсы екпенің құнымен бірдей болатын шығар», – деді олү

Сондай-ақ, Жұмабек Бекенов тұмауға қарсы екпе кез келген вирустан қорғайтынын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<