Қызылордада коронавирусқа қарсы екінші қайтара егу басталды

178

0

Бүгін  коронавирус індетіне қарсы егу жұмыстарының екінші кезеңі үшін Қызылорда қаласына тағы 1000 доза вакцина келді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов хабарлады.

  • 1 ақпан күні «COVID-19» инфекциясына  қарсы вакцинаның алғашқы 1000 дозасы келіп, 1000 адамға екпе жасалған болатын. 1-17 ақпан аралығында екпе салдырған адамдардың 939-ы медицина қызметкері болса, 61-і ерікті түрде келген. Олар бұған дейін дәрігерлер бақылауында болды. Денсаулық жағдайларына шағымдарының болмауына байланысты бүгін араға 21 күн салып екінші дозасын салдыруды бастады, – деді ол.

Жеткізілген «Спутник V» ресейлік вакцинасының екінші 1000 дозасы да қалалық №1-ші, №3-ші және №6-шы емханаларда жүргізілетін болады.

       – Өзім ерікті түрде 1 ақпан күні алғашқылардың бірі болып вирусқа қарсы екпе ектірген болатынмын. Екпенің еш кері әсерін байқамадым. Сол себепті бүгін екпені екінші қайтара ектірдім, – деді басқарма басшысы.

«СБ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз