Резус-фактор COVID-19 жұғуына әсер ете ме?

524

0

Ғалымдар резус-фактор мен коронавирустық инфекцияның арасында байланыс барын анықтады, – деп жазады «Известия» басылымы.

Дереккөз мәліметінше, Барселона мен Бразилия университеттерінің мамандары 126 елде коронавирус таралу көрсеткіштерін талдап, экспонент бойынша инфекция санының өсуі теріс резус факторы бар адамдардың көп саны тұратын мемлекеттерге тән екенін анықтаған.

Коронавирустың Австралия, Австрия, Бразилия, Жаңа Зеландия, Испания, Ұлыбритания, Швейцария және АҚШ сияқты елдердінде көп тіркелген болатын. Осылайша, зерттеушілер бұл жағдайды теріс резус-факторы бар барлық қан тобындағы адамға коронавирустың тез жұғуымен байланыстырып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<