Әлем чемпиондарына құрмет

714

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпиондары Рахат Бекболат пен Айсамал Сансызбаеваны қабылдады.


Жүздесуге облыстық ауыр атлетика федерациясының прези­денті Темірхан Кенжебаев, 4 дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Арман Абдраев қатысты.


Қос саңлақ 23-31 мамыр ара­лығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атле­ти­кадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Әлем чемпио­натында жеңіс тұғырынан көрінді.


Жүздесу барысында аймақ басшысы Сыр саңлақтарының дүние­жүзілік дүбірлі дода төрінде ел абыройын асқақтатып, көк туын биікте желбіреткенін айрықша атап өтті. Оларды толағай табысымен құттықтап, игі тілегін арнады.


– Мемлекеттік Ту тек екі жағ­дайда көтерілетінін біле­сіз­дер. Ол ел Президентінің ше­тел­ге іс­сапары және әлемдік аре­на­­ларда спортшылар жеңіске жет­­кенде Ту көтеріліп, Әнұран шыр­­қалады. Көк тудың көкке көтеріліп, желбіреуі – біздің еңсе­міздің кө­терілуі, спортшылар мәрте­бесі­нің артқандығы деп білемін. Жеңіс еңбексіз келмейді. Спорт­шыларымыздың үздіксіз жаттығып, жарысқа жауаптылықпен қарауы, жаттықтырушылардың дайын­дық процесін дұрыс ұйым­дастыра білуінің арқасында осындай жетістікті бағындырып отырмыз, – деді облыс әкімі.


Айту керек, бұдан бұрын да Рахат пен Айсамал Перудің Лима қаласында онлайн форматта өткен Әлем кубогында жеңімпаз атанған болатын.


Кездесу барысында белгілі спортшы Илья Ильин жастардың ауыр атлетика бағытына деген қызығушылығы жоғары екенін атап өтіп, командалық жұмыстың үйлесімді түрде дамып келетінін жеткізді. Ал облыстық ауыр атлетика федерациясының басшысы Темірхан Кенжебаев ынталы жастардың жетістіктерін, өңірде спорттың бұл түрінде үлкен мектеп қалыптасқанын айтты.


– Кейінгі жылдарда облыста ауыр атлетика қарқынды дамып келеді. Шәкірттеріміздің тамаша өнері – облыс үшін мақтаныш. Бұл орайда облыс басшылығы, фе­дера­ция тарапынан лайықты қолдау көр­сетіліп келеді. Бізге демеу көрсеткен барша азаматтарға алғы­сымызды білдіреміз, – деді Арман Абдраев.


Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқа­лықова қос спортшыға сый-сияпат беріп, қаржылай сыйақы та­быс­тап, ыстық ықыласын білдірді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<