Отандық телеарна дзюдодан әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

616

0

«QAZSPORT» телеарнасы дзюдодан әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6-13 маусым аралығында Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтетін дзюдодан әлем чемпионатында еліміздің намысын 17 дзюдошы қорғайды.

Ерлер құрамасы:

60 келі – Ғұсман Қырғызбаев, Мағжан Шамшадин

66 келі – Елдос Жұмақанов

73 келі – Жансай Смағұлов, Аңсар Ғайнуллин

81 келі – Дидар Хамза 90 келі – Ислам Бозбаев, Ерсұлтан Мұзапаров

+100 келі – Ерасыл Қажыбаев

Бас бапкер: Ғалым Жылгелдиев.


Әйелдер құрамасы:

48 келі – Отгонцэцэг Галбадрах, Абиба Абужақынова

52 келі – Нұрсұлу Ералиева

57 келі – Севара Нышанбаева

70 келі – Зере Бектасқызы, Мөлдір Нарынова

+78 келі – Камила Берліқаш, Назгүл Маратова

Бас бапкер: Ерлан Алпысбаев.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<