Қол добынан жарыс өткізілді

804

0

Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай Жалағаш кентінде «Наркескен» спорт клубында мектеп жасындағы ер балалар арасында қол добынан жарыс өткізілді.

Жарыстың негізгі мақсаты – ауданда спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, ауданда қол добы ойынын одан әрі дамыту, тұрғындарды дене шынықтыру мен спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, ерлер арасында қол добы ойынын шеберлік деңгейін көтеру, спорт резервін даярлауды қамтамасыз ету.

Жарысқа 5 команда қатысты. Жарыс қортындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсеткен №201 мектеп-лицей командасы І орынды, №122 мектеп командасы ІІ орынды, «Жалағаш жастары» командасы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және номинациялармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<