АҚШ: Трамп жақтастары дауысты қайта санауды талап етуде

738

0

Шетелдік ақпарат құрал­дарының дерегіне сүйенсек, АҚШ-тағы сайлау науқанының қорытындысын шығару әлі біршама уақытқа созылатын сыңайлы. Трамп жақтастары сайлаудың әділ өтпегенін айтып, ашықтықты талап етуде. Үкіметке қарсы топтардың бірнешеуі бірлесіп, шиеленісті ушықтыра түсті.

Дональд Трамп Джорджия штатындағы дауыс санау аяқталғаны мәлім болғанда Twitter-дегі парақшасында «Қыл­мысты әшкерелеймін» деп жазған еді. Ал сайлауды ұйымдастырушылар соң­ғы сая­си науқанды ел тари­хындағы ең әділ сайлау деп атап отыр. Ақүй баспасөз хатшысы Кейли Макенани «Дональд Трамп екінші рет Президент Трамп атанатынына сенеді» дейді.

Сайлау ұйымдас­тырушы­лардың мәлімдемесіне қа­рамастан, өткен аптада Джо Байденнен 20 дауыс алынып тасталған-ды. Алынып тастаған дауыстар Пенсильвания штатына тиесілі еді. Дегенмен, бұл жаңалық оған кері әсерін тигізген жоқ. Өйткені дауыс саны бойынша Байден бәрібір де Трамптан озып тұр.

АҚШ тарихында мұндай текетіреске ұласқан сайлау осыдан 120 жыл бұрын болған еді. Енді тағы қайталанды. Бірақ сарапшылар пікірінше, АҚШ президенті кім болғанда да елдің Қытайға, Ресейге қатысты саясатында айтарлықтай өзгеріс болмайтын сыңайлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<