Харрис – АҚШ вице-президенті болған алғашқы афроамерикалық. Ол туралы не белгілі?

716

0

Камала Харрис – АҚШ вице-президенті болған алғашқы афроамерикалық. Сондай-ақ ол осы лауазымға отырған Оңтүстік Азиядан шыққан бірінші қара нәсілді вице-президент. Бұл туралы CNN және Euronews хабарлайды.

Харрис – ямайкалық және үндістандық иммигранттардың қызы. Оның әкесі Стэнфордта экономиканы үйретсе, анасы қатерлі ісікті зерттеумен айналысқан.

«Біздің қазіргі президентіміз трагедиямызды саяси қаруға айналдырып жатыр», – деді Харрис Дональд Трамп туралы. «Джо біздің проблемаларымызда мақсатқа жеткізетін болады. Джо біздің бәрімізге қамқор болатын экономиканы құрады», – деді ол. 

Харрис Демократиялық партияның шеткі-сол қанатының өкілі деп есептеледі – ол құқық теңдігі мен әлеуметтік шындық үшін күреседі. Ал қандай да болмасын құқықты қорғау үшін күреске бала күнінен қатысқан: Камаланың анасы оны балалар арбасына салып, наразалық шараларына келген.

Камала Харрис орта мектепті Канадада аяқтады, содан соң Говард университетінде саясаттану және экономика факультетінде және Калифорния университетінің Гастингс заң колледжінде оқыды. 

Ол – Сан-Франциско округтік прокуроры, кейін Калифорнияның бас прокуроры болған алғашқы афроамерикалық әйел.

Харрис өндірісте экологиялық әдістің қолданылуы, бір жыныстағы неке, денсаулық сақтаудың қолжетімді болуы және төменгі жалақыны көтеру үшін күресті.

Джо Байден оны сайлаушыларға таныстырғанда: «Мен кіші адамның мүддесі үшін күресуде батыл күрескерді сайлаудағы серіктесім етіп таңдадым», – деді. 

Харрис Twitter желісіндегі аккаунтын «вице-президент болып сайланды» деп өзгертіп қойды.

Tengrinews.kz

Фото: ©REUTERS

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<