Есептегі азамат қайырымдылық жасады

500

0

Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған азаматтар қайырымдылық шараларына белсене қатысып, бір-біріне көмек қолын созуда. Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше бүгін де қалалық пробация есебіндегі азамат өзі секілді  азаматтарға көмек көрсетті. Ол өз қаражатына  тұрмыс жағдайы төмен 2 отбасыға  қол ұшын созып, азық-түлік алып берді.

 «Кең болсаң, кем болмайсың»,-  дейді дана халқымыз.Қайырымдылық жасау үшін  дәулетті болудың қажеті жоқ, жүрегіңде мейірімділік болса жеткілікті. Көмекке мұқтаж жандарды өз көзімізбен көріп жүрген соң, көмектесуге бел будым.  Бірінші кезектегі  қажетті азық-түліктер : май, қант, шәй,басқа да  заттарды алып бердім.  Қолымнан келгенше есептегі азаматтарға көмек көрсетемін»-, деді есептегі жомарт азамат.

 «Осындай  шаралар  арқылы бұл азаматтар өзгелерді де осындай көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге шақырады. Олар бір- біріне көмек беріп, қиындықта қалған жандарға жанашырлықпен қарап, аяушылық таныту секілді ізгі қасиеттерді өмірлік қағидаларына айналдыра алады. Қайырымдылық шаралары мұнымен тоқтамайды, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Е.Мардиханов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<