Францияда қаскүнем қолынан екі адам ажал құшты

672

0

Францияның батысындағы Шоле коммунасында қаскөйдің шабуылы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Europe 1 радиостанциясына сілтеме жасап.

Радиостанция дереккөздерінің мәліметтеріне қарағанда, полиция қылмысқа күдіктіні ұстады. Бірқатар құқық бұзушылықтар жасаған 35-жастағы азамат құқық қорғау органдарына бұрыннан белгілі болған. Тексерудің алдын ала деректеріне сәйкес қаскүнем алдымен үйіне кіріп бара жатқан адамға шабуыл жасаған.

Қылмыскер оны бірнеше рет басынан ұрып өлтірген. Бұдан кейін паркке барып, онда 83 жастағы қартқа шабуыл жасаған. Қария ауруханаға жетпей, жолда көз жұмған. Қылмыскер мұнымен тоқтамай, 81-жастағы кейуанаға қастандық жасаған, оған дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, ажалдан аман алып қалды. Полицейлер қылмыскерді пәтеріне барған кезде тұтқынға алды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<