Ана да, бала да аман

765

0

 Метропластика – акушерия саласында қазіргі уақытта кесар тілігі отасы кезінде ағзаны сақтап, тууға қабілетті  жастағы әйелдердің өмірге ұрпақ әкелу қызметін жалғастыру мақсатында жасалып жүрген оталардың бірі. Бұл жағдайда түрлі себептерден бала жолдасы (плацента) бөліктері жатырдың қабырғасына өсіп біткен бөлігімен алынып тасталып, жатырдың қабырғалары қалпына келтіріледі, осылайша ағза сақталады.

Жүктілік кезінде ультра­дыбыстық әдіспен плаценто­гра­фия (бала жолдасын тек­­серу) жүргізіп, диагноз қо­йыл­ған жағдайда мұндай опера­цияға алдын ала да­йын­­далу керек. Операция ке­зінде қан көп кетуі мүмкін, cол үшін барлық дайындық шараларын жасау, яғни, алдын ала қан дайындап және осы операцияның техникасын мең­герген  топтың, қажетті басқа мамандардың (хирург, уролог) болуы керек.

9 ақпанда облыстық пе­ри­наталдық орталығында осын­дай операцияны  аға кезекші дәрігер Аманкүл Приева жа­сады. Ауданнан жағдайына бай­ланысты жедел түрде жет­кізілген  әйелде осы үшінші кесар тілігі отасы екен. Бала жолдасының  өсінуі ота кезінде анықталды. Қан кету орын алған жоқ. Анасы да, нәресте де дін аман. Сондықтан, осын­дай асқынуларды жүктілік ке­зінде анықтап, отаны аса да­йындықпен жасаған абзал.

Екінші жағдайға тоқтал­сам,  К. есімді жүкті әйел денсау­лығына байланысты төртінші республикалық деңгейде бо­сануы тиіс болатын.  Диагнозы қанның ұюының төмендігімен байланысты. Алайда, толғақ басталып кетіп, перинаталдық орталықта босануға тура келді. Босанудан кейін жатырдан ато­ниялық қан кетіп өміріне қауіп төнді.  Дәрігерлер О.Ким, А.Ержанова, А.Әуезбеков, А. Хегай, А.Ким және А.Приева кәсіби шеберлікпен көмек көр­сетіп, өмірін сақтап қалды. Ал, бұл қатарда Ғ.Манасова, А.Жаналиева, Г.Жұмабекова сынды акушерлердің де ты­нымсыз еңбектерін айту керек.

Науқастың жағдайы тұрақ­талуда, емі мамандармен ке­ңе­се отырып жалғасуда.

Ләйла ТАҢАТҚАНОВА,

 облыстық перинаталдық орталық акушері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<