Өнім сапасын бақылау бәсеңдемейді

1868

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа редакциядағы техникалық реттеу туралы заңды дайындау және оны жылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа «Өнім сапасы екінші орында қалмауға тиіс. Ұлттық сертификаттау жүйесін дамыту, ұлттық стандарттардың беделін қайтару қажет» деп атап өткен болатын. Өйткені, техникалық реттеу туралы заңнама 10 жыл бұрын қабылданған және бүгінгі күннің шынайылығына сәйкес келмейді.

Өнім сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мәсе­лелерінің өзектілігі Президенттің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлау­алды бағ­дарламасында да көрініс тапты. Оны іске асыру үшін Үкіметке ішкі нарықты сапасыз, жалған, кон­трабанда және контрафакт өнім­дерінен, соның ішінде шекарадағы кедендік әкімшілендіруді жә­не бақылаудың басқа да түрлерін жақсарту ар­қылы қорғау жөнінде шаралар кешенін қабылдау тапсырылды. Осы­лайша, отандық техникалық реттеу саласын тү­бегейлі қайта қарау және қайта жүктеу үшін барлық объективті жағдайлар мен шарттар айқындалды.

Бүгінде Мәжілісте «Қазақстан Республикасы­ның техникалық реттеу заңнамасына  толық­тырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңының жобасы қаралып, талқылануда. Заң жобасы техникалық регламенттерде белгіленген өнімге (техникалық реттеу объектілеріне) қойылатын міндетті талаптардың орындалуын бақылау және адал бәсекелестік жағдайларын жасау, сондай-ақ, оны қабылдау кезінде туындайтын құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленуде. СФС-шараларға қатысты қадағалау қолданылуда. Заң бұзушылықтарды анықтаудың жеделдігі мен тиімділігі және анықталғандарына жедел ден қою шаралары бірінші дәрежелі маңызға ие.

Осыған байланысты заң жобасы техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті бағалау саласын қадағалауды жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет саласына енгізуді ұсынады. Бұл қадағалау еліміздің ау­мағына қауіпті өнім таралуының болдыр­маудың алдын алады. Сондай-ақ, камералдық бақылауды жүзеге асыру, өнімнің сына­маларын және үлгілерін іріктеу жолымен өнім қауіпсіздігінің мониторингін енгізу жолға қойылады. Ал заң жобасын қабылдау талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер қауіпсіздігін арттыру, адал бәсекелестік үшін жағдай жасау, мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру секілді құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді. Бұл өз кезегінде тиімділігін көрсететін болады.

Әуелбек ҚАМЗАЕВ,

техникалық реттеу және метрология

комитеті облыс бойынша

департаментінің бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<