Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы Қызылорда мектептерінде де ашылды

405

0

Облыс және қала әкімдігінің қолдауымен Қызылорда қаласындағы мектептерде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылды. Мұнда тұрғындар egov.kz порталында қолжетімді барлық қызметтерді онлайн түрде оңай әрі жылдам ала алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары 18 мамырдан бастап өз жұмысын жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады. Енді азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.Бұл ретте қызметтер тек алдын ала жасалған брондау арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар, электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық қызметтерді азаматтар енді өздігінен алатын болады.

«Облыстық білім басқармасымен бірлесіп мектептерде де өзіне-өзі қызмет көрсету секторларын ашудамыз. Бұл қызмет көрсету бұрыштары азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, ыңғайлы қызмет алуы үшін ашылуда. Тұрғындар мұнда электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелген жағдайда, түрлі анытамалар мен электронды қызметтерді алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиал директоры Айдын Қайруллаев.

Қазіргі таңда қала бойынша бірнеше нысандарда ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы жалпы 3390 қызмет көрсетіліп, 892 тұрғын электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) алса, 854 қызылордалық мобильді азаматтар базасына тіркелен.

Қалаға қарасты мектептерде ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының орналасқан мекенжайлары:

– «Мұрагер» мектебі – Түркістан көшесі, 54

– №3 мектеп-лицейі – Жаңқожа батыр көшесі, 54

– №4 орта мектебі – Жақаев көшесі 67

– №5 мектеп-лицейі – Әуелбеков көшесі, 10

– №7 орта мектеп – Шұғыла м/а

– №9 мектеп-гимназиясы – Ақмешіт м/а

– №10 мектеп-лицейі – Камалов көшесі, 35а

– №11 мектеп-лицейі – Тасбөгет кенті, Шүкіров көшесі, 8

– №12 орта мектеп – Амангелді көшесі, 108а

– №15 мектеп-лицейі – Байтұрсынов көшесі, 21а

– №23 мектеп-лицейі Әбілхайыр хан көшесі, 36а

– №39 орта мектеп – Қараөзек ауылы, Дәуітбаев көшесі, 2

– №43 орта мектеп Торайғыров көшесі, 99

– №101 мектеп-лицейі – Назарбаев даңғылы, 60

– №112 орта мектеп – Молдағұлова көшесі, 7

– №120 орта мектеп – Қаржаубаев көшесі, 20

– №128 орта мектеп – Қараөзек е/м

– №136 мектеп-лицейі – Ақмешіт м/а

– №138 орта мектеп – Абай ауылы, Абай көшесі 3

– №140 орта мектеп – Абай даңғылы, 56

– №143 орта мектеп – Махамбет ауылы, Абай көшесі, 48а

– №145 орта мектеп – Бірқазан ауылы, Көкжиде көшесі, 6

– №171 орта мектеп – Қоңыратбаев көшесі, 22

– №172 орта мектеп – Тасбөгет кенті, Сейтпенбетов көшесі, 54

– №173 орта мектеп – Титов қыстағы, М.Көкенов көшесі, 2Б

– №175 орта мектеп – Айнакөл ауылы

– №176 орта мектеп – Тасбөгет кенті, Ғ.Мұратбаев көшесі, 29

– №178 орта мектеп – Талсуат е/м

– №179 орта мектеп – Қарауылтөбе қыстағы

– №187 орта мектеп – М.Шоқай көшесі, 147

– №189 орта мектеп – Белкөл қыстағы, Есмаханов көшесі, 72

– №197 орта мектеп – Ақмешіт м/а, Достық көшесі, 1

– №198 орта мектеп – Ғ.Мұратбаев көшесі, 11

– №211 орта мектеп – Жұмабаев көшесі, 1

– №215 орта мектеп – Талдыарал ауылы

– №217 орта мектеп – Қорқыт ата көшесі, 113

– №218 орта мектеп – Ақжарма е/м

– №222 орта мектеп –Торайғыров көшесі, 264

– №233 орта мектеп –Амангелді көшесі, 108

– №235 орта мектеп –Шұғыла м/а

– №253 орта мектеп –Чижа сантина көшесі, 76

– №257 орта мектеп – Тасбөгет кенті, Сапарбаев көшесі, 42

– №261 орта мектеп –Әл-Фараби н/з

– №264 орта мектеп –Сұлтан Бейбарыс көшесі, 5

– №267 орта мектеп –Баласағұн орамы 5

– №268 орта мектеп –Ақсуат а/о

– №271 орта мектеп –Қорқыт ата м/а

– №278 орта мектеп –Есім Хан көшесі, 19б

– №280 орта мектеп –Досан ауылы

– Өнер мектебі – Әйтеке би көшесі, 7

«Азаматтарға арнналған үкімет» КЕ АҚ

облыс бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз