Қызылордада карантин талабын бұзған түнгі клуб басшысы жазаланды

431

0

Қызылордада карантин талаптарына бағынбаған түнгі клуб басшысы тиісті жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша мониторингтік топтардың рейді жалғасуда. Бұл бағытта қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Тиісті сала мамандары қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық орнында карантиндік шектеулердің сақталмағанын анықтады. Бұл бағытта жинақталған материалдар кәсіпкерлік нысан иелеріне тиісті шара қолдану үшін үйлестіру орталығына жолданды.

«Облыс орталығындағы «Ален» түнгі клубында карантиндік талаптар бұзылған. Бұл орын түнгі сағат 23.20-ке дейін жұмыс істеген. Тәртіп сақшыларына клуб әкімшісі мен күзетшілері есік ашпаған. Мониторингтік топ мүшелері клуб иесін оқиға орнына шақыртты. Қазір бұл бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабының 1-бөлігімен аттама толтырылып, айыппұлдар салынды», – деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын егу басталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<