Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады

155

0

Наурыз айының бірінен бастап көктемгі мерзімді әскерге шақыру басталады. Сыр өңірінен көктемде Отан алдындағы борышын өтеуге 700-ге азамат барады. Басты ерекшелік, қарым-қатынасты азайту мақсатында азаматтарды шақыру 1414 сервис қызметі пилоттық режимінде SMS-хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асады.

Әскерге шақыру 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар жіберіледі. Жас сарбаздар әскери борышын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, ҚР Қарулы Күштері қатарында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдері және Мелекеттік Күзет қызметтерінде өтейтін болады.


– Барлық аудандық, қалалық шақыру және облыстық жиын пункті көктемгі мерзімді әскери шақыруға толық дайын. Медициналық комиссиялар тиісті білікті дәрігер мамандармен және медициналық құралдармен толық қамтылған. Алғашқы команданы 6 наурызда Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 19 азаматты жіберетін боламыз, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев.

  • Біз барлық санитарлық талапты қатаң сақтайтын боламыз. Әскерге шақырылушылардан міндетті түрде әскери бөлімдерде, арнайы пункттерде ПТР-талдамасы алынады. Ал, шақырылушыларға екпе жүргізу келген әскери бөлімде, яғни, қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады, – деді Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы Дмитрий Жерегя.

Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне дейін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жалғасады.


Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар аттанады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз