Қызылорда-Жалағаш жолы жөнделеді

676

0

Биыл облыста ұзындығы 339 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөнделеді. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 19 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар арқылы да 10 362 млн теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеуімбетов мәлімдеді.

– «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 33 жоба іске асырылады. Яғни биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделіп, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда-Жалағаш жолы жөндеуден өтеді. Елді мекендердің кіреберіс жолдарын дамыту және аудан орталықтарымен байланыстыру мақсатында Арал ауданының Жаңақұрылыс, Бекбауыл ауылдарына баратын жолдарды салу үшін жаңа жобалар жүзеге асырылады, – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Сонымен қатар, облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы бес апаттық жағдайдағы көпір жөнделеді. Бұған қоса, Қазалы ауданындағы Қарлаң учаскесіне Сырдария өзені арқылы көпір салынады.

Бүгінде жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Тиісті құжаттары дайын болғанда құрылыс жұмыстары басталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<