Төбелес кезінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

718

0

Нұр-Сұлтан қаласының Көктал шағын ауданының Болашақ көшесінде жастар төбелесіп, салдарынан 17 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаның болғаны туралы хабарлама 102 нөміріне 10 қараша түнгі сағат 22.56 кезінде түскен. Полиция қызметкерлері келгенде бір топ жастардың арасында туындаған жанжал төбелеске ұласып, 2 адам дене жарақатын алған.

«Екі адам дене жарақатын алған. Олардың бірі 17 жастағы Ж.Ағаділ пышақ жарақатын алып, жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Қазір осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі мен 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқандардың барлығын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ұсталғандар тергеліп жатыр», – деді департаменттен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<