Ағаштан түйін түйген қазалылық шебер

478

0

Әйтеке би кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Талғат Ембергенов бүгінде мемлекет қолдауымен 6 пайыздық несие алып, өндірісін өркендетіп отырған азаматтың бірі. 2018 жылдан бастап кәсібін дамыту мақсатында «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізіндегі оқу курсына қатысып, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қызылорда Өңірлік Инвестициялық Орталық арқылы несие қаражатын алған.

Бүгінде жеке кәсіпкер 4 адамды жұмыспен қамтып, ағаштан есіктер, үй жиһаздарын, баспалдақтар, астаулар және түрлі бұйымдар жасап, халыққа қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда кәсіпкердің цехынан шыққан ағаш бұйымдар облысымыздың бірнеше аумақтарында сатылымға шығуда.

Айта кетейік, Талғат Ембергенов алдағы уақытта өз кәсібін кеңейте түсіп, ерекше балалардың дамуына әсер ететін табиғи, таза ойыншық түрлерін шығаруды қолға алмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<