Ұрпақ ертеңі үшін

570

0

Қызылорда қаласындағы «Саяхат» ықшам ауданының тұрғындары №348 сайлау учаскесіне келіп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасап жатыр.

Сағат 12:00 дейін 500-ге жуық адам дауыс берді.

Келушілердің қатарында 81 жастағы Қасым Үкайұлы да бар.

– Азаматтар үшін қабылданатын әрбір шешім маңызды. Еліміздің ертеңі үшін, ұрпағымыздың жақсы өмір сүруі үшін, жұртымыздың әлеуетінің артуы үшін таңдауымды жасадым. Ел еңсе тіктеп, егемендігіне қол жеткізгелі көп нәрсе өзгерді. Елдің кемел келешегі үшін сайланып жатқан азаматтар адал болып, елдің жағдайын жақсарта бергей, — дейді қария.

Елмен бірге екенін білдіріп, дауыс берген қарияға сыйлық тарту етілді. Ал Қасым ата ел болашағына әсер ететін тарихи сәтте дұрыс таңдау жасалатына сенім білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, тұрғындарға қуаныш сыйлау үшін барлық дауыс беру учаскелерінде көңілді әуен шырқалды. «Саяхат» тұрғындарының ішінде үлкен жастағы сайлаушылардың үлес салмағы жастар мен орта жастағы кісілерге қарағанда әзірге басым болып тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<