5 млн: қызылордалық полицейлер қылмыс схемасын ашты

224

0

 Қызылордалық полицейлер 5 миллион теңгені жымқырған күдіктіні анықтап, ол құрған қылмыстық схеманы ашты, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Былтыр қыркүйекте бетперде киген біреу қала тұрғынының үйінен қомақты қаржыны қолды қылған еді. Ішке терезе арқылы кірген ол үй иесінің басынан кірпішпен ұрып, қолын байлап, жымысқы ойын іске асырған.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 192-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде және тергеу барысында күдікті деп танылған қала тұрғыны қылмыс жасағанын мойындаған жоқ», – делінген хабарламада.

Тек тергеу барысында жедел уәкілдер, криминалист пен тергеушінің бірлескен жұмысы нәтижесінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті арнайы сот сараптамасы, зерттеу қорытындысымен толық дәлелденді. Нәтижесінде іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды. 

Сот процесінде ол қылмысын мойындады. Келтірілген шығынды толығымен өндірді. Ал биыл қаңтарда сот шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<