Адами құндылықтарды топтастырған игі қадам

53

0

  Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін “Алғыс айту” мерекесі ретінде жариялады. 

Бұл күн – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этностардың құт сыйлаған қасиетті мекені мен кеңпейіл қазақ халқына деген терең тағзымының белгісі іспетті. Алғыс айту күнін жариялау халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Себебі, елде тұратын барлық этнос өкілдерін толеранттылық, достық, сенім секілді құндылықтарға топтастырған игі қадам болды.

Алғыс айту – инабаттылық пен кішіпейілділіктің белгісі. Алғыс білдіре алудың өзі қоғамдық этикет пен адамгершілік ұстанымның ерекше белгісі. Дәстүрге орай үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, көзбе-көз жылы шырай танытып алғыс білдіру, одан әрі екі жаққа да қонымды әңгімеге ұластыру жүректерге жылу ұялатары сөзсіз.

Сондықтан бүгінгі берекемізді білдіретін күндеріміз көп болсын. Алғысымыз таусылмасын, бірлігіміз шыңдала берсін. Келе жатқан мереке құтты болсын.

С.ӘБІШЕВ,

қалалық ардагерлер кеңесінің

төрағасы. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз