Арал ауданындағы ауылда өртенген мектеп қалыпқа келтірілді

309

0

Арал ауданындағы Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты мектепте орын алған төтенше жағдайға байланысты аудан әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
– Аталған ғимарат 2006 жылы тұрғын үй ретінде салынып, 2010 жылы бастауыш мектеп ретінде «Арал аудандық білім бөлімі» КММ-нің «№ 21 орта мектебі» КММ-нің теңгеріміне берілген. Мектепте 1-4 сынып аралығындағы 13 оқушы білім алуда және 3 мұғалім мен 1 техникалық қызметкер жұмыс атқаруда. Бастауыш мектебінің жалпы көлемі 72 шаршы метр (9м х 8м,) І-қабатты, қабырғалары – қамыс-каркас, төбесі шиферленген ғимаратының кіре-беріс бөлмесінде орналасқан жылыту пеші мұржасының айналасындағы көлемі 2 шаршы метр(2м х 1м) төбе қаптамасы өртенген,- деді Бектемір Жұмағұлов журналистерге берген сұхбатында.
Қазіргі күні қалыпқа келтіру жұмыстары толық аяқталып, оқу процесіне ешбір кедергісіз жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<