Аралда мектеп өртенді

68

0

Өрт оқиғасы Арал ауданындағы елді мекендердің бірінде тіркелді, – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.

«23 ақпан күні сағат 11 жарымға таман өрт қауіпсіздігі қызметіне Қамбаш қыстағындағы №21 мектептің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Белгілі болғандай, ғимараттың үстіңгі жабындысы тілсіз жауға оранған. Арнайы құтқару қызметінің өкілдері оқиға орнына жеткенге дейін ерікті ерікті өрт сөндірушілер мен ауыл тұрғындары сағат 12.20-ға дейін ауыздықтады», – дейді ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оның айуынша, зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес тілсіз жау пешті құру кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы салдарынан болуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз